Абель Санчес: Альваресте Головкинді нокаутқа түсіретіндей ауыр соққы бар шығар

Абель Санчес: Альваресте Головкинді нокаутқа түсіретіндей ауыр соққы бар шығар

Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өз шәкіртінің мексикалық Сауль Альвареске қарсы рематчынан не күтетінін айтты.

«Ол өз стилін өзгертпей 40 кездесу өткізді. Ал Головкинмен жекпе-жек алдында аяқ асты өзгерте салды, қарсыластан қашатын боксшыға айналды. Ол Головкинді нокаутқа түсіруге тырысады. Егер ол Головкинді нокаутқа түсіруге ұмтылса, бір-бірімен жақын жұдырықтасады. Сол кезде екеуі де әдемі соққылар жасайды. Альваресте Головкинді нокаутқа түсіретіндей ауыр соққы бар шығар. Білмеймін, бірақ ол нокаутқа түсіруге тырысады», - деді Санчес.

Головкин мен Канело 15 қыркүйекте Лас-Вегаста жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или