«Жақсы дос та, жақсы ұл да бола алмадым». Ұлыбританиялық футболшы өзіне қол салды
«Кармартен Старз» ойыншысы Брендон Холдер өзіне қол салды, деп хабарлайды Prosports.kz
Ол өмірмен қоштасар алдында желіге жазба жариялап, көпшілікпен қоштасты Ойыншы марқұм болған анасы екеуінің бірге түскен суретін жариялаған.
«Ренжіткен адамдарым болса, кешірім сұраймын. Мен өзімді ойлап тұрған жоқпын. Жақсы дос та, жақсы ұл да болмадым. Анашым, өзіңмен кездесуге асықпын. Қош болыңдар, достарым», – деп жазған ол Facebook парақшасында.
Клуб спортшының өлімінен соң екі матчты ауыстырды. Команда футболшылары марқұмды еске алды.
«Ол талантты ойыншы еді», – дейді әріптестері.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или