Альварес Головкинге: Мен саған бара жатырмын

Альварес Головкинге: Мен саған бара жатырмын

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге арнап видео жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.

Бейнеролик «Канелоның» Instagram-дағы аккаунтында тарады. Ол жерде Альварес соққыларын күшін көрсетеді.

«Мен саған бара жатырмын», - деп жазады мексикалық боксшы GGG-ге арнаған видеосында.

Еске сала кетсек, 2017 жылы 16 қыркүйекте Головкин мен «Канело» арасында алғашқы жекпе-жек өткен болатын. Ал реванш биыл 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді деп жоспарланып отыр.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или