Головкин: Альварес – менің мансабымдағы ең лас қарсылас

Головкин: Альварес – менің мансабымдағы ең лас қарсылас

Журналистер Big Bear-дегі (Калифорния) The Summit залына келіп, Геннадий Головкиннің жаттығу лагеріне қатысты.

Головкин БАҚ өкілдерінің келуіне байланысты өз жаттығуын тоқтатып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Шара барысында Головкин өзінің мансабындағы ең лас қарсылас Сауль Альварес болғанын айтты.

«Ол менімен жұдырықтасқан ең жағымсыз және ең лас қарсылас болды. Бұл оның проблемалары. Ол бокс заңын бұзып, өрескел әрекеттерге барды, ал командасы оған қолдау көрсетті. Бұл кездесу маған емес, оған маңызды. Біздің стиліміз басқаша, жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталады деп үміттенемін», - деді Головкин.

Головкин мен Альварес 15 қыркүйекте Лас-Вегаста жұдырықтасады. Былтыр алғашқы кездесуде боксшылар тең түсіп, бұл шешім бокс мамандары мен жанкүйерлері арасында дау шығарған болатын. Ал биылғы жылыдң басында Канелоның қанынан допинг табылып, ол алты айға жазаланған еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или