Куртуа «Реалға», Ковачич «Челсиге» ауысты
«Челсидің» бельгиялық қақпашысы Тибо Куртуа «Реал Мадрид» командасына ресми ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Есесіне мадридтік команданың жартылай қорғаушысы Матео Ковачич лондондықтардың сапына қосылды. Хорватиялық ойыншы бір жылға жалға берілді.
Бейресми ақпарат бойынша, «Реал Мадрид» Куртуа үшін 35 миллион фунт стерлинг төледі. Сондай-ақ Ковачичті жалға бергені үшін ешқандай төлем алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, 26 жастағы бельгиялық қақпашы «Челси» жейдесін 2011 жылдың жазында киген. «Ақсүйектер» сапында 154 ойында алаңға шыққан.
Ал 24 жастағы Ковачич <span>«Реал Мадридке»</span> 2015 жылы ауысып келді. Испанияда өткізген үш маусымда 109 матчқа қатысқан.
Bienvenido al @RealMadrid, @thibautcourtois!#WelcomeCourtois| #HalaMadrid pic.twitter.com/hHqzcomSQi
— Real Madrid C.F. (@realmadrid) 2018年8月8日
<br />