Ақтөбеде Самат Смақовтың қоштасу матчы өтеді

Ақтөбеде Самат Смақовтың қоштасу матчы өтеді

«Ақтөбе» футбол клубының аңыз ойыншысы әрі капитаны Самат Смақовтың футболшылық мансабын аяқтауына орай Халықаралық жолдастық матч өтеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлем футболында қалыптасқан дәстүрге орай жасыл алаңда «Ақтөбе Ардагерлері» мен «Смақовтың достары» кездесетін болады. Ойын Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді. 

Матчқа Қазақстан мен шетелдің белгілі ойыншылары қатысады: Эмиль Кенжисариев, Андрей Сидельников, Андрей Богомолов, Марат Хайруллин, Жасур Нарзикулов, Александр Митрофанов, Андрей Лаврик, Қайрат Әшірбеков, Әлібек Бөлешев, Руслан Балтиев, Андрей Мирошниченко, Нұрбол Жұмасқалиев, Мұрат Тілешев, Андрей Финонченко, Андрей Морев, Сергей Струков, Малик Мане, Тити Эссомба, Виталий Кицак, Дмитрий Юрист, Евгений Ловчев және басқалары! <br /><br />Билет құны – 300 теңге. Түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалатын болады.

Матч қонақтары – саясаткерлер, Қазақстанның футбол клубтарының басшылары, бапкерлер, футбол мамандары, «Астана KZ» және «Спарта» КВН командалары. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или