Иван Маевский: Қарсылас команда заңды түрде жеңіске жетті деп ойлаймын

Иван Маевский: Қарсылас команда заңды түрде жеңіске жетті деп ойлаймын

«Астана» жартылай қорғаушысы Иван Маевский УЕФА Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы «Динамоға» қарсы алғашқы ойынды қорытындылап, матч туралы өз пікірімен бөлісті.

- Өте қиын ойын болды. 0:2 есебімен жеңіліп қалдық. Хорваттар бүгінгі ойында мықты болды. Қарсылас команда біздің жіберген қателіктерді лайықты пайдаланып, екі гол соғып кетті. Біздің командада өзіміз ойлағандай көп гол соғатын мүмкіндіктер бола қойған жоқ. Қарсылас команда заңды түрде жеңіске жетті деп ойлаймын.

- «Динамо» ойыншылары бүгінгі кездесуде көп өрескел тәртәп бұзды. Осы пікірмен келісесіз бе?

- Олар олай тәртәпсіз ойын көрсетті дей алмаймын. Дегенмен, өте жақсы ұжымдық ойын көрсете білді. Бізге алаңда барынша қысым көрсетіп, қауіпті шабуыл ұйымдастыруға мүмкіндік берген жоқ. Олар өте жақсы ойын үлгісін көрсете білді.

- Осындай ойынмен сырт алаңдағы кездесуде келесі кезеңге шығатын мүмкіндік бар деп ойлайсыз ба?

-  Әрине, біз сенеміз. Өйткені, бұл футбол. Алда 90 минут уақыт бар. Егер олар біздің алаңда 2:0 есебімен жеңіске қол жеткізе алған болса, біз де өз кезегімізде 2:0 есебімен сырт алаңда жеңе аламыз.

- Қақпаларыңызға жіберіп алған голдар туралы қандай пікірдесіз?

- Біз бұл ойынды барынша талдап, лайықты қорытынды шығаруға тырысамыз. Менің ойымша, оларда гол соғатын жүз пайыздық мүмкіндіктер көбірек болды. Өз қақпамызға жіберген голдардың бейнежазбасын арнайы қарап көру қажет.

- «Астананың» есепке алынбаған голы туралы не айтасыз?

-Шынын айтсам, төреші қай ойыншының ойыннан тыс қалғандығыын байқағанын түсінген жоқпын. Мүмкін, Педро ойыннан тыс қалған болар. Бұл сәттің де қайталауын қарау қажет. Дәл қазір нақты анықтама беру өте қиын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или