Шілде айының үздік ойыншысы мен бас бапкері анықталды
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының (ҚКФЛ) ресми сайтында шілде айының қорытындысы бойынша Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы мен жаттықтырушысының есімі аталды, деп жазады prosports.kz.
Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
Сауалнама нәтижелері келесідей:
17 ұпай жинаған «Қайрат» шабуылшысы Адеринсола Эсеола Премьер-лиганың шілде айындағы үздік ойыншысы атанды.
Шілде айының үздік бас бапкері атағын «Астана» жаттықтырушысы Роман Григорчук иеленді. Ол 9 дауыс жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или