Ненад Эрич: Егер дұрыстап ойнасақ, нәтиже біз жағында болмақ

Ненад Эрич: Егер дұрыстап ойнасақ, нәтиже біз жағында болмақ

«Астана» клубының қақпашысы әрі капитаны Ненад Эрич Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Динамо» (Загреб) командасымен болатын кездесу жайлы өз ойын білдірді.

– Бізді аса қиын кездесу күтіп тұр. «Динамо» – өте мықты команда. Алғашқы ойынды өз алаңымызда өткіземіз. Сондықтан өзімізге қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін аянып қалмасымыз анық.

– Команданың физикалық дайындығы қандай?

– Бас бапкер «Ақтөбемен» өткен кездесуде біраз футболшыға демалыс берді. Сондықтан негізгі құрам тынығып алды. Физикалық тұрғыдан команда дайын.

– Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Даниядағы матчта тосыннан соққы алдыңыз.

– Иә, соққы болды. Арқам ауырып қалды. Дегенмен қазір бәрі жақсы.

– Қарсылас жайлы не айтасыз?

– Еуропада тәжірибесі жақсы команда. Барлық шепте жоғары деңгейлі ойыншылары жетерлік. Бізге қиын болары анық. Егер дұрыстап ойнасақ, нәтиже біз жағында болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или