Еуропа лигасы. «Қайраттың» ықтимал қарсыластары белгілі

Еуропа лигасы. «Қайраттың» ықтимал қарсыластары белгілі

«Қайрат» пен чехиялық «Сигма» УЕФА Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіне өтетін болса, кіммен кездесуі мүмкін екені анықталды.

Іріктеудің плэй-офф кезеңіне шығатын болса, алматылық клуб мына клубтардың бірімен кездеседі: «Пюник» (Армения) – «Маккаби» Тель-Авив (Израиль), «Бешикташ» (Түркия) – ЛАСК (Австрия), «Ягеллония» (Польша) – «Гент» (Бельгия), «Севилья» (Испания) – «Жальгирис» (Литва) жұптарының жеңімпазы.

Айта кетейік, «Қайрат» «еленбеген» клубтардың қатарына енген болатын.

Жеребе рәсімі бүгін швейцариялық Ньонда өтеді. Басталуы – 17:30-да.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или