Елеусінов: Барша қазақстандықтарды қуантамын деген ойдамын

Елеусінов: Барша қазақстандықтарды қуантамын деген ойдамын

«Хабар» телеарнасы Данияр Елеусінов пен Габор Горбич арасындағы жекпе-жекті көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

<span>2018 жылдың 4 тамызында сағат 01:00-де (тамыздың 4-нен 5-не қараған түні) Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен венгриялық боксшы Габор Горбичпен жұдырықтасады. Жекпе-жек Кардифф қаласында (Уэльс) «Ice Arena Cardiff-те» өтеді.</span>

<span>Екі спортшы салмақ өлшеу рәсімінен өткен. Оның нәтижесі бойынша тараптардың салмағы бірдей көрсеткіште 149 фунтты, яғни 67,5 келіні көрсетті. Қос спортшы арасындағы кездесу осыдан екі жыл бұрын бой көтерген мұз алаңында өтпек. </span>

<span>Данияр Елеусінов, боксшы: - Бәрі ойдағыдай. Керемет. Кеше салмақ өлшеу рәсімінен өттік. Ертерек келдім 4-5 күн бұрын. Салмағымды жасадым, енді қазір бәсекеге дайындалып жатырмыз. Құдай қаласа жақсы өнер көрсетемін деген ойдамын. Барша қазақ халқын, спортсүйер қауымды қуантамын деген ойдамын. "Хабар" телеарнасын қосып, тікелей эфирде көріңіздер.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или