«Астана» бірінші кезеңді Ақтөбеде аяқтайды

«Астана» бірінші кезеңді Ақтөбеде аяқтайды

 «Астана» Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры аясында түзде «Ақтөбемен» кездеседі.

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алып, Даниядан олжалы оралған «Астана» футбол клубы елге орала салысымен елордаға көп аялдамай, бүгін Ақтөбеге тартып кетеді. Роман Григорчук шәкірттерін ол жақта «Ақтөбе» күтіп тұр.

Жалпы, «Астана» мен «Ақтөбе» ел футболының тарихында өзара 38 ойын өткізген екен. Соның 19-ы елордалықтардың жеңісімен аяқталған. 10 ойын тең аяқталса, 9 матч «Ақтөбенің» пайдасына шешіліпті. Алайда, батыс қазақстандықтар «Астананы» соңғы рет 2014 жылдың қарашасында жеңген. Содан бері 14 ойын өтті, үшеуі ғана тең аяқталып, қалғанында «Астана» ұтқан.

Ал биыл қос команда «Астана Аренада» 19 мамырда кездескен. Ойын 3:1 есебімен елордалықтардың пайдасына шешілген. Голдардың авторы Деспотович, Томасов және Шомко.

Әлбетте, ұзақ сапардан оралған «Астана» үшін ертеңгі ойынның оңай болмайтыны түсінікті. Көпшілік бұл матчта Роман Григорчук резервтегі жігіттерді шығарады дегенді айтуда. Алайда, украиналық маман өзінің соңғы сұхбаттарының бірінде негізгі құрамдағы жігіттердің барлығын Ақтөбеге апаратынын айтты. Демек, бізді қызықты кездесу күтіп тұр. Айтпақшы, бұл елордалықтар үшін ел чемпионаты бірінші кезеңінің соңғы ойыны. Матч Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или