«Жанкүйерің болғым келеді». Данияр Елеусінов танымал супермодельдің жүрегін жаулады
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Victoria’s Secret агенттігінің бразилиялық моделі Адриана Лимамен қалай танысқанын айтып бердi.
- Бір ай Майамиде жаттықтым, ол жақ қатты ұнады. 5th Street Gym залында жұдырықтасып жүрдім. Ол залға барған сайын Адриана Лиманы көретінмін. Менің командаммен сөйлесіп: "Нью-Йоркке сенің жекпе-жегіңді көру үшін барамын. Сенің жанкүйерің болғым келеді, — деді, — деп еске алады Елеусінов Boxing Monthly журналына берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетсек, Елеусінов АҚШ-та сәуір айында кәсіпқой рингке алғаш рет шыққан еді, ол кезде америкалық Ноа Киддті техникалық нокаутпен жеңген болатын. Кейін Лондонда төрешілердің шешімімен венгр Золтан Шабоны ұтты. 4 тамыздан 5 тамызға қараған түні Кардиффте Данияр тағы бір венгриялық боксшы — Габор Горбичке қарсы кездесу өткізеді.