Victoria's Secret-тің сәнгері Елеусіновтың жанкүйері болғысы келеді
Қазақстан кәсіби боксшысы Данияр Елеусінов (2-0, 1 KO) 4 тамыз Кардифф қаласындағы (Уэльс) «Ice Arena Cardiff-те» өтетін жекпе-жегі алдында Boxing Monthly-ге сұқбат берді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Боксшы өзінің жаңа өмірі жайлы және Майамидегі оқу-жаттығу үрдісі туралы сөз қозғады:

- Мен Майамиде өмір сүруге бір ай бойы бейімделдім. Ал қазір мұнда маған бәрі ұнайды. Менеджмент командам (Boxing Stars) Флорида штатында, сол үшін біз осында орналастық.
Мен 5-ші көшедегі жаттығу залында жаттығып жүрмін. Сол жерде болған кезімде осы жаттығу залына Адриана Лима (Victoria's Secret-тің сәнгері) келген болатын. Ол менің командаммен сөйлесіп, былай деді: «Мен Нью-Йоркте өтетін жекпе-жегіңізді көруге келемін. Сіздің жанкүйеріңіз болғым келеді», - деді боксшы.

Адриана Лима - бразилиялық супермодель. Ол Victoria's Secret-тің (Викторияның құпиясы) сұлу періштелерінің бірі ретінде танымал. Models.com сайтының саралауы бойынша, Лима жеті жыл қатарынан ең сексуалды сәнгер деп бағаланған.