Саян Хамитжанов: Біздің жігіттер кездесудің басынан аяғына дейін жүйелі ойын көрсетті

Саян Хамитжанов: Біздің жігіттер кездесудің басынан аяғына дейін жүйелі ойын көрсетті

УЕФА Чемпиондар Лигасына іріктеудің екінші раунды аясындағы екінші кездесуде "Астана" Данияның "Мидтьюлланд" командасымен тең ойнап, өткен ойын нәтижесі бойынша келесі кезеңге жолдама алды. "Астана" Президенті Саян Хамитжанов ойын туралы пікірімен бөлісті. 

<span>- Бұл қиын ойын болды. Қарсыласымыз жылдам гол соғу мақсатымен шабуылға көп күш салды. Бірақ біздің жігіттер сенімді қорғанып, қарымта шабуылға иек артты. Ойыншыларымыз кездесудің басынан аяғына дейін жүйелі ойын көрсетіп, осы кездесуге құрылған тактикалық жоспарды бұлжытпай орындап шықты. Гол соғатын мүмкіндіктер алаң иелерімен салыстырғанда бізде көп болды - кем дегенде төрт рет қарсылас қақпасынан саңылау табуға болар еді, алайда, біздің футболшылар шабуылды соңына дейін жеткізе алмады. Осы жағынан бапкерлер құрамы көбірек жұмыс істеуі қажет екені көрініп тұр. "Мидтьюлланд" тағы да өздерін лайықты жағынан көрсетті. Дат командасы мықты қарсылас, олар өз елінің чемпионы атанғаны бекер еместігін тағы бір дәлелдеді. </span>

- Сіз Жуниор Кабананганың соққан голын есептемеген сәтті көре алдыңыз ба? Төреші қателесті ме?

<span>- Мен төрешінің шешіміне пікір білдіргім келмейді. Бейнеқайталау сол эпизодты нақты көрсете алмады. Бір белгілісі мынау, қапталдағы төреші даулы сәтте бұрыштағы жалаудың қасында тұрды, оның сол сәтті дұрыс бағамдауға барлық мүмкіндігі болды. </span>

- Алда Хорватияның "Динамо" (Загреб) командасымен ойын тұр. Қарсылас бұрынырақ белгілі болды. Үшінші іріктеу кезеңінің ойындары туралы ойлай алдыңыз ба?

<span>- Алдыға қатты көз жүгіртудің қажеті жоқ. Қазір Қазақстан чемпионатының "Ақтөбе" командасына қарсы матчына дайындықты бастаймыз. Хорваттармен болатын ойын туралы кейінірек ойланамыз.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или