Әлібек Бөлешов мансабын аяқтады
37 жастағы шабуылшы Әлібек Бөлешов көкшетаулық «Оқжетпестен» кетіп, футболдағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Қазақстан Премьер-Лигасының сегізінші сұрмергені Әлібек Бөлешов «Қайрат», «Жетісу», «Ақтөбе», «Атырау», «Тараз», «Сұңқар», «Оқжетпес» және «Ордабасы» командаларында өнер көрсеткен.
Ағымдағы маусымда көкшетаулық команда үшін 15 матч өткізіп, 5 гол соқты.
Әлібек Бөлешов - Премьер-лигада 333 матч ойнап, Қазақстан футбол тарихындағы 100 гол соққан 8 футболшының бірі атанған.



2006 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу сыны аясында өткен Қазақстан мен Грекия құрамалары арасындағы ойыннан үзінді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или