Орта дивизиондағы турнир. Күзде ыстық болады

Орта дивизиондағы турнир. Күзде ыстық болады

Орта салмақтағы дивизионда қызықты жағдайлар орын алғалы тұр. Жақын уақытта әсерлі жекпе-жектер тамашалаймыз, керек десеңіз толыққанды турнир өткізуге мүмкіндік туып тұр, деп жазады prosports.kz.

15 қыркүйекте орта дивиозиондағы көшбасшы, атақты қазақ боксшысы Геннадий Головкин өзінің белбеулерін қорғайды. Оның қарсыласы - мексикалық боксшы Сауль Альварес. Бұл жекпе-жекте WBC, WBA Super, IBO, The Ring белбеулері және орта салмақтағы чемпиондық атақ сарапқа салынады. 

20 қазан күні британиялық былғары қолғап шебері Билли Джо Сондерс өзінің атақтарын қорғап қалу үшін америкалық Деметриус <span>Андрадеме</span>н жұдырықтасады. Басты титул ретінде WBO белбеуі тігіліп отыр.

Шамамен 10 қарашада украиналық боксшы Сергей Деревянченко  қарсыласы америкалық Дэниел Джейкобспен өзара IBF титулы бойынша әлем чемпионы атағына тартысқа түседі.

Осы турнир барысында төртінші жұптың орны босап тұр. Басты үміткер ретінде WBA Regular нұсқасы бойынша әлем чемпионы жапониялық Рета Мурата болуы ықтимал. Муратаның 20-шы қазан күні жекпе-жегі белгіленген, бірақ оның қарсыласының аты белгісіз.

Жоғарыда есімдері аталған боксшылардың барлығы дерлік орта салмақтағы үздік ондықтың қатарына кіреді. Оның үстіне бірінші сегіздікте орналасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или