Фируза Шарипова кезекті жекпе-жегіне «Астана» Президенттік клубының атынан шығады

Фируза Шарипова кезекті жекпе-жегіне «Астана» Президенттік клубының атынан шығады

Фируза Шарипова бокстағы кезекті жекпе-жегіне «Астана» Президенттік клубы атынан шығады, деп хабарлайды Prosports.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver бойынша екі түрлі салмақ категориясында бақ сынасатын Фируза Шарипованың (8-1, 4 КО) <span>алдағы уақытта бокстағы жекпе жектеріне «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының атынан шығатыны туралы арнайы өткізілген баспасөз мәслихатында мәлім болды.</span>

<span>«Кәсіби боксқа келген күннен бастап арманым - Президент клубының атынан шығу болды, міне ол арманым да орындалды. Мен бүкіләлемдік бокс сериясының ең үздік командаларының қатарына жататын «Астана Арланс» боксшыларын үнемі қолдап жүретін жанкүйерімін. Рингке «Астана» брендінің атынан шығу - мен үшін құрмет. Енді әйелдер арасындағы кәсіби бокста үздік болып, барлық негізгі титулдарды жеңу жолында аяусыз еңбектенемін. Және «Астана» Президенттік клубымен бірге абсолютті әлем чемпионы атанатыныма сенімдімін», - деді Фируза Шарипова. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или