Қазақстандық боксшы чемпиондық жекпе-жектегі жеңісін Денис Тенге арнады

Қазақстандық боксшы чемпиондық жекпе-жектегі жеңісін Денис Тенге арнады

Қазақстандық боксшы Әли Балоев кәсіби рингтегі алтыншы жеңісін әйгілі мәнерлеп сырғанаушы, қапияда қаза болған Денис Тенге арнады.

АҚШ-тың Остин қаласында өткен бокс кешінде Балоев америкалық қарсыласы Ричард Уркисо (3-4-2, 1 КО) алғашқы раундта нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. Осылайша ауыр салмақ дәрежесіндегі NABF чемпионы белбеуін жеңіп алды.

«Бүгін мен қуанып, бір жағынан қайғырып отырмын. Қуанышымның себебі – бүгінгі жеңісім, Солтүстік Американың чемпионы атанғаным. Ал қайғыруыма Денис Теннің орны толмас қазасы себеп болды. Мен жеңісім мен белбеуімді осы тамаша спортшы әрі жақсы адамға арнағым келеді. Мен, Әли Балоев, өз жеңісімді шын жүректен саған арнаймын, Денис! Бір-біріңізді қорғау жүріңіздер», – деп жазды Балоев Instagram парақшасында.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или