«Ертіс» пен «Шахтер» жеңіссіз сериясын жалғастырды
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 20-турында павлодарлық «Ертіс» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдады.
Павлодарлық клубтың жағдайы әлі де мәз емес. Бұл жолы алаң иелері «кеншілерді» ұта алмады. Матчтың 56-минутында Родриго есеп ашқан. Алайда сегіз минуттан соң Дамир Кояшевич таразы басын теңестіріп кетті. Қорытынды есеп – 1:1.
«Ертіс» жеті матч бойы жеңіс дәмін тата алмай келеді. Премьер-лигадағы соңғы жеңісі мамырда «Ақжайыққа» қарсы кездесуде тіркелген. Ал «Шахтер» қатарынан алты матч бойы жеңіске жете алмай келеді.
20 турдан соң «Ертіс» 19 ұпаймен 9-шы сатыда тұр. Олардан бір ұпай кем жинаған «Шахтер» 8-ші орында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или