Виктор Кумыков: «Астана» лайықты жеңіске жетті

Виктор Кумыков: «Астана» лайықты жеңіске жетті

«Астана» - «Атырау» (2:0) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін мұнайшылардың бас бапкері Виктор Кумыковтың қатысуымен баспасөз жиыны өтті.

- Біз барынша тырысқанымызбен, «Астананы» жеңу қолымыздан келмеді. Олар соңғы жылдардағы еурокубоктердің тұрақты қатысушысы және Қазақстан футболының көшбасшылары. Елорда ойыншылары кездесу барысында өте жылдам ойнады. Біз тіпті стандарттық жағдайларда да үлгермей жаттық. «Астана»  бүгінгі кездесуде лайықты жеңіске жетті.

- Сіз қарағандылық «Шахтердің» бас бапкері болған кезде, командаңыз стандарттық жағдайларда өте мықты болатын. Ал «Атырау» командасында бұл жағдайда мәселелер өте көп. Бұл Сіздің командаға жақында ғана келгендігіңізбен байланысты ма?

- Біріншіден, мен «Шахтерді» оқу-жаттығу жиындары алдында қабылдадым. Екіншіден, біз ол уақытта осы ойын жүйесіне сай келетін ойыншыларды қатарға жинап, өзара түсіністіктерін қалыптастырдық. Ал бұл жақта бәрі басқаша. Біздің ойындар дәл қазір қатар-қатар өтіп жатыр. Тіпті, дұрыс жаттығу жұмысын жасауға да уақыт таба алмай жатырмыз.

- Команданың соңғы сатыларда келе жатқандығы ойыншыларға қосымша қысым емес пе?

- Менің ойымша, айтарлықтай қысым жоқ. «Астана» - турнирлік кестенің көшбасшысы, ел чемпионы. Ал біз болсақ, соңғы орында келе жатырмыз. Бүгін жеңіске жетсек қаһарман атанар едік. Жеңілсең ешкім де саған тас атпайды. Ал өз алаңымыздағы турнирлік кестедегі қатарлас командаларға қарсы ойындарда да артық қысым болған емес. Біздің команда құрамында жас ойыншылар жоқтың қасы. Барлығы да тәжірибелі ойыншылар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или