Альварес Головкинмен бірге баспасөз жиынын өткізуден бас тартты

Альварес Головкинмен бірге баспасөз жиынын өткізуден бас тартты

Сауль Альварестің командасы Геннадий Головкинмен жекпе-жегі алдында дәстүрге сай баспасөз жиынын өткізуден бас тартты. Бұл туралы Nur.kz порталы жазды.

Боксшы бұл әрекетін Los Angeles Times журналистеріне түсіндіріп берді. «Канело» баспасөз жиыны өткен жылы өтіп қойғанын алға тартып, Головкинмен баспаөз жиынында тағы да жүздесуді артық санайтынын айтуда.

Альварес ол үшін бірінші кезекте жиын емес, жекпе-жекке дайындық тұрғанын сөз еткен.

«Маған баспасөз жиындары ұнай ма? Маған жаттығулар мен жекпе-жектер ұнайды», - дейді мексикалық боксшы.

Еске салсақ, Альварес пен Головкиннің екінші жекпе-жегі Лас-Вегаста 15 қырқүйек күні болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или