Головкин мен Нурмагомедов бір-біріне құрмет көрсетті

Головкин мен Нурмагомедов бір-біріне құрмет көрсетті

Бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов бір-біріне құрмет көрсетті.

Олар Мәскеуде Гассиев – Усик жекпе-жегінде кездескен. Артынша, Хабиб екеуінің суретін жариялап, «Алдағы жекпе-жекте сәттілік, Гена. Танысқаныма қуаныштымын» деп жазды.

Оған жауап ретінде Головкин де Нурмагомедовке қолдау көрсетті: «Сенімен қол алысып, танысқым келіп жүрген. Әрқашан да табыс тілеймін! Қашан да сен үшін боламын», - деп жазба қалдырды Геннадий.

Головкин күзде Сауль Альвареспен жұдырықтасады, ал Хабиб Конор Макгрегормен кездесуге жақын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или