Саян Хамитжанов: Біз Твумасидің трансферінде ойыншының өз қалауына назар аудардық

Саян Хамитжанов: Біз Твумасидің трансферінде ойыншының өз қалауына назар аудардық

«Астана» футбол клубының Президенті Саян Хамитжанов елорда командасының шабуылшысы Патрик Твумасидің испаниялық «Алавес» сапына ауысуы туралы өз пікірін білдірді, деп жазады клубтың ресми сайты.

Біз Твумасидің трансферінде бірінші кезекте ойыншының өз қалауына назар аудардық. Патрик «Астананы» Қазақстанның жетекші клубы ретінде қалыптастыру үшін көп нәрсе жасады. Бұл футболшы елімізде де, халықаралық деңгейде де «Астана» футбол клубының жетістіктеріне үлкен үлес қосты. Твумаси біздің командаға 5 маусымын арнап, «Астана» тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Сондықтан да, оған өз еңбек жолында жаңа жаңалық қажет болды.

Біздің ойыншыларымыздың Әлемдегі ең күшті клубтық чемпионат - испан Ла-лигасының клубтары арасында қызығушылық тудыруы, «Астана» футбол клубының беделін және деңгейін атап көрсетеді. Өткен жылғы Неманья Максимовичтің «Валенсияға» ауысуы да, «Астана» футболшыларынан мықты чемпионаттарға ауысу туралы жаңа үрдіс басталды деуге болады.

Бапкерлер құрамы, ойыншылар, клуб басшылығы және қызметкерлері атынан «Астана» сапында өнер көрсеткен жылдардағы жасаған барлық істері үшін Твумасиге алғыс айтамыз және Патрикке спорттық мансабында жаңа биіктерге жетуге тілектестік білдіреміз!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или