Аршавин – ТМД-дағы ең қымбат футболшылар тізімінде

Аршавин – ТМД-дағы ең қымбат футболшылар тізімінде

Ресейлік Sport24.ru сайты ТМД елдеріндегі ең қымбат футболшылар туралы жазды.

Басылым топтамасында «Қайраттың» ойыншысы Андрей Аршавинге де орын табылған. Ресей құрамасының бұрынғы капитаны 2009 жылы «Зениттен» «Арсеналға» 16,5 миллион еуроға ауысқан болатын. Бұл трансфер ТМД ойыншыларының рейтингісінде оныншы орын алды.

Ал поскеңестік елдердегі ең қымбат трансфер болып Андрей Шевченконың «Миланнан» «Челсиге» ауысуы саналады. Лондондық клуб украиналық үшін 2006 жылы 43 млн еуро берген. Екінші орында – армениялық Генрих Мхитарян. Ол 2016 жылы «Боруссиядан» «Манчестер Юнайтедке» 42 млн еуроға ауысқан болатын. Үздік үштікті ресейлік Александр Головин түйіндейді. Ол осы жазда «Монакоға» 30 млн еуроға ауысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или