Серік Сәпиев: Спортшыларға күзет беру жайлы айтқан жоқпын
Серік Сәпиев спортшыларға күзет беру жайлы өзі айтты деген ақпаратты теріске шығарды.
Бұған дейін БАҚ-та Серік Сәпиев спортшыларға күзет қою керек деген мәселе көтерді деп хабарланған болаты.
«Достар, мен спортшыларға жеке күзет беру туралы айтқан жоқпын. Журналистермен кездесу кезінде «Спортшыларға күзет керек пе?» деген сауал қойды. Мен «Егер қоғам соны қаласа, мұны заң жүзінде талқылау керек» дедім. Кей адамдар мені өзіме күзет қоюды сұрады деп ойлай ма сонда? Бұл барып тұрған ақымақтық. Ондайларды ақымақ деп есептеу керек», – дейді спортшы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или