Сауль Альварес допинг қолданғанын мойындады

Сауль Альварес допинг қолданғанын мойындады

Сауль Альварес Головкинмен жекпе-жек алдында допинг дауына ілігуіне тек өзі кінәлі екенін мойындады. Бұл туралы<span> Prosports.kz тілшісі 24.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.</span>

«Әрине, өл өзімнің қателігім. Етті әбден тексеріп барып жеуім керек еді. Енді бұдан былай мүлде ет жемейтін болдым», – деп мәлімдеді мексикалық боксшы.

Айта кетейік, қазір Геннадий Головкин мен Сауль Альварес қарымта кездесуге қызу дайындалып жатыр. Қос мықты арасындағы жекпе-жек 15 қыркүйекте Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренада өтеді. Дәл осы допинг дауына байланысты бұл бокс кеші мамыр айында өткен жоқ еді. Ал бұл жолы барлығы ойдағыдай болатынына қос тараптың өкілдері сенімді.

Қазіргі таңда Головкин-Альварес кездесуінің билеттері сатылымға шықты. Оның бағасы 566 мен 52 мың АҚШ доллары аралығында. <span><br /><br /></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или