Танымал қазақ боксшысы америкалық қызға үйленді

Танымал қазақ боксшысы америкалық қызға үйленді

АҚШ-та тұратын қазақ боксшысы әрі ең үздік полицей Димаш Ниязов америкалық бойжеткенмен шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Prosports.kz

Димаш пен Джениффердің тойы АҚШ-тағы Мауи аралында өтті.

“Қандай тамаша күн. Бұл күні қандай сезімде болғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бір ғана айтарым, бұл менің өмірімдегі ең керемет күн. Ол менің – әлемім, менің барым. Құдайдан сол күні кереметтей ауа-райы беруін сұрадым, себебі тойға дейін үш күн бойы жаңбыр жауған еді. Дұғам қабыл болып, сол күні күннің батысын тамашаладық. Мұндайды Мауи бірнеше жылдан бері көрмеген еді. Осы күнге бізбен бірге болған жақындарым мен достарыма алғыс айтамын. Сіздерді бағалаймыз әрі жақсы көреміз”, – деп бөлісті Димаш.

 

<span>Еске салсақ, Димаш Ниязовқа АҚШ-тағы ірі наркобаронды ұстағаннан соң "Нью-Йорктың" үздік полицейі" атағы берілген еді. Қазіргі таңда ол боксшы ретінде танымал.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или