Денистің жаназасында Головкин неге сөйлеген жоқ?

Денистің жаназасында Головкин неге сөйлеген жоқ?
Отандық спортшының қазасы туралы естіп АҚШ-тан арнайы ұшып келген Геннадий Головкин жаназада ел алдына шығып сөйлеген жоқ. Боксшының бұл жағдайда үнсіз қалуын оның ресми өкілі түсіндірі кетті.
"Денис Теннің қайтыс болғанын естіген Геннадий Лос-Анджелестен Алматыға бағытталған алғашқы рейспен ұшып кетті. Ол сенбі күні таңғы уақытта Алматыға қона сала, бірден Денистің ата-аналарының үйіне барды. 
Жаназасына дейін ол Тен әулетінің қасында болды, барынша өз қолдауын көрсетуге тырысты. Геннадий ешкіммен кездескен де сөйлескен де жоқ. Тіпті, ешкімді көргісі де келмеді.  Көпшілік Денисті ақтық сапарға шығарып салу шарасында Головкиннің не себепті сөйлемегенін сұрап әлек. Аса маңызды жекпе-жегінің алдындағы жаттығуын ол тек қана Денис үшін тоқтатты. Өйткені ол оны спортшы ғана емес, адам ретінде де қатты сыйлайтын. Гена Денисті өз інісіндей көрді. Бұл шынымен де орны толмас қаза", - деп мәлімдеді Головкиннің ресми өкілі Жанар Өтешева.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или