Головкиннің үздік үш қарсыласы белгілі болды
Орта салмақта WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы суперорта салмаққа өткен жағдайда, оған қарсылас атануы мүмкін үшеуді атады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Stan.kz порталына сілтеме жасап.
«Егер Головкин 15-ші қыркүйекте Сауль альваресті жеңсе, онда ол орта салмақ дәрежесі бойынша үздік чемпион атанады және жағдайдың қалай болатынын көреміз. Головкинмен жекпе-жекке шығуы мүмкін спортшылардың ішінде Джермалл Чарло бар. Сондай-ақ, Деревянченко – Джейкобс мен Сондерс – Андраде жекпе-жектерінің жеңімпаздары және Бенавидес, Джеймс Дигейл сынды спортшылар бар», – деді Том Леффлер.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық спортшы Сауль Альварес Канелоның қарымта кездесуі ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.