Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орын алды
<span>Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролиганың топтық кезеңінде қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды prosports.kz ҚФФ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.</span>
<span>Мәскеуде өтіп жатқан жағажай футболынан 2018 жылғы Еуролиганың алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Молдованы 7:6 есебімен жеңген. Ал екінші матчта Греция құрамасын 4:0 есебімен оңай жеңген болатын.</span>
<span>Ерлан Жамантаев шәкірттері бүгін топтық кезеңдегі үшінші кездесуде Литваны 7:5 есебімен жеңді. Осылайша, қазақстандықтар өз тобында бірінші орын алды.</span>
Қазақстан - Литва - 7:5
Голдар: Макагон, Муралинов (3), Демешко (2), Тюльпа - Плитникас (2), Мешкинис (2), Радавичиус
Қазақстан құрамасы: Чорный (к), Гаврилов, Демешко, Скударнов, Муралинов, Перевертов, Чапанов, Тюльпа, Макажанов, Макагон.
Бас бапкер - Е. :амантаев.
Төреші: Баги, Кутция, Листратов.
21.07.18. Мәскеу. «Янтарь» стадионы.