Әлем футболы

Франция – Хорватия: Соңғы түйенің жүгі ауыр

news-banner7
mobile-news-top

Ресей жерінде өтіп жатқан Әлем чемпионатының ақтық сынында «Лужники» стадионында Хорватия мен Франция құрамалары кездеседі.

Сенсацияға толы чемпионаттың шымылдығы жабылар сәтте келіп жетті. Кеше үшінші орын үшін Бельгия мен Англия құрамалары кездесті. Англия Премьер лигасының үздіктері күш сынасқан кездесуде бар болғаны екі гол ғана соғылды, екі голды да еуропаның "қызыл сойғандары" соқты. Осылайша, Бельгия өз тарихында алғаш рет қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал бүгін өтетін финалдық кездесудің фавориті - Франция. Алайда, Лука Модрич бастаған хорваттардың да бір айтары бар екені сөзсіз. Бір қызығы, соңғы кездері халықаралық ірі турнирлердің финалы 120 минутқа жалғасатын болып жүр. Мүмкін бүгін де жеңімпаз қосымша уақытта анықталар.

Болжам: Ракитич, Иван (Хорватия) 3 соққыдан кем емес жасайды - 5 кэф.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер