Әлем футболы

Бразилия – Бельгия: Әлем чемпионы осы матчта анықтала ма

Бразилия – Бельгия: Әлем чемпионы осы матчта анықтала ма
news-banner7
mobile-news-top

Әлем чемпионаты-2018. 1/4 финал

07.07.2018. 00:00.

Бразилия – Бельгия

Әлем чемпионатының плэй-офф кезеңі басталғалы көптің күткен кездесуі – осы. Құрамдарында тек жұлдыздар ғана ойнайтын қос команда. Әлем чемпионатының басты фавориттері. Екеуінің қайсысы жартылай финалға өтсе, соның чемпион болу мүмкіндігі өте жоғары.

Бұл ойында, меніңше, оңтүстікамерикалық команда жеңіске жетеді. Біріншіден, тәжірибе. «Пентакампеондардың» әлемдік додалардағы тәжірибесі зор. Екіншіден, есе. Иә, төрт жыл бұрынғы сәтсіздіктен соң есе қайтару қажет. Команданы жігерлендіретін – осы. Оның үстіне, Германия мен Испания сынды басты қарсыластары ұшып кетті, демек, бәсекелестер аз. Мүмкіндікті пайдалану қажет. Ал Бельгия 2016 жылғы Еуропа чемпионатындағы тағдырын қайталауы ықтимал. Командада жұлдыз толғанымен, ірі додаларда тәжірибесі аздау.

Бәс: Бразилия жеңеді және матч тоталы (1,5) көп – 2.41 коэффициент

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер