Бокс

Дәукенов пен Жанұзақ RCC Boxing Promotions жарысында өнер көрсетпек

news-banner7
mobile-news-top

14 шілде күні Екатеринбург қаласында RCC Boxing Promotions компаниясының ұйымдастыруымен бокс кеші өтеді.

Шараға Қазақстаннан екі спортшы қатысады. Оның бірі - бірінші жартылай орта салмақтағы Дәулет Дәукенов (5-0, 3КО). Боксшының қарсыласы әзірге белгісіз. Қазақстанның намысын екінші болып аса жеңіл салмақтағы Мадияр Жанұзақ (4-0, 1КО) қорғамақ. Боксшы филиппиндік Альфоэ Дагайлоанамен (9-2-5, 3КО) күш сынасады.

Дәукеновтің соңғы жекпе-жегі 18 сәуірде Өзбекстанның атынан бокстасқан Максуд Джумаевты (12-16-1, 6КО) алдын ала жеңуімен аяқталған болатын. Ал Мадияр Жанұзақ соңғы рет 28 ақпан күні филиппиндік боксшы Джон Марк Алиманені төрешілердің бірауыздан қабылдаған ортақ шешімімен жеңіп шыққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер