Бокс

Оскар де ла Хойя «Канело» - Головкин кездесуіне болжам жасады

Оскар де ла Хойя «Канело» - Головкин кездесуіне болжам жасады
news-banner7
mobile-news-top
Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші жекпе-жегі туралы келіссөздер мен жекпе-жектен не күтетінін айтты.
«Жекпе-жек бойынша келісім жасау қиынға соқты. Келіссөздер өте күрделі болған. Екі тараптың көңілінен шығу үшін уақыт қажет еді. Біз оған қол жеткізіп, жекпе-жекті өткізетін болдық. GGG «Канело» туралы біраз сөз айтқаннан кейін, Саульдің боксқа деген ынтасы артты. Ол бұрынғыдан да қатты жаттықпақшы. Жекпе-жек оңай болмайды, бірақ біз «Канелоға» 100% сенеміз. Қыркүйекте екі қарсылас та бір-бірін нокаутқа түсіру мақсатында шығады. «Канело» Головкинді нокаутпен жеңетініне сенімдімін», - деді Оскар ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.
Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер