Қазақстандық боксшы алтыншы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (5-0, 5 КО) кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегінде грузиялық Иракли Гвенетадзені (10-7, 9 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды prosports.kz.
Отандасымыз Киевте өткен бокс кешінің андеркартында жұдырықтасты. Бұл кештің басты жекпе-жегі WBA жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы украиналық Артур Далакян (16-0, 11KO) мен Таиланд боксшысы Сиричай Тайен (50-3, 35KO) арасында өтті.
Негізі жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған болатын. Алайда қазақстандықтың ауыр соққыларынан кейін кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Бірінші раундта Жеңіс техникалық нокаутпен Жан Кособуцкийге берілді. Осылайша, ол алтыншы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады.
Ал 27 жастағы грузиялық боксшы 10 айқас өткізіп, оның 8-інде жеңіліске ұшырап отыр.