Әлем футболы

Хорватия құрамасы Нигерияны жеңді

news-banner7
mobile-news-top

Ресейде өтіп жатқан Әлем біріншілігінің D тобындағы алғашқы матчтар аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бірінші турда күш сынасқан Хорватия мен Нигерия құрамалары аса тартысты матч өткізді. Африкалық құрама өзінің жанкешті жас ойыншыларына сүйенсе, еуропалықтар тәжірибелі футболшыларына иек артты.

Ойын қорытындысында тәжірибе жеңіске жетті. Бірінші таймда жасыл жейдедегі команданың ойыншысы өз қақпасына гол соғып алды. Манджукичтің баспен бағыттаған добы Этебоның аяғына тиіп, өз қақпасынан табылды. Ал екінші таймда Модрич пенальтиден гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Әлем чемпионаты - 2018

Хорватия - Нигерия - 2:0
Гол соққандар:
Этебо (ӨҚ) 32, Модрич (П) 72

Хорватия: Субашич, Врсалько, Ловрен, Вида, Стринич, Ракитич, Модрич, Перишич, Ребич, Крамарич, Манджукич.

Нигерия: Узохо, Балогун, Трост-Эконг, Шеку, Идову, Ндиди, Микел, Мозес, Айуоби, Этебо, Игало.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер