Әлімханұлы атақты Пакьяоның промоутерімен келісімшартқа қол қойды
Кәсіпқой боксқа біржола бет бұрған Жәнібек Әлімханұлы (2-0, 1KO) әлемге әйгілі промоутер Боб Аруммен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бұл туралы боксшының баспасөз хатшысы Берік Сұлтан өзінің Facebook-дегі парақшасында мәлімдеді.

- Сүйінші, ағайын! Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. Атақты Боб Арум енді Әлімханұлының промоутері, - деп жазды Берік Сұлтан.
Роберт «Боб» Арум — америкалық заңгер, промоутер және белгілі кәсіпкер. «Top Rank Promotions» промоутерлік компаниясының негізін қалаушы және иесі. Украиналық Василий Ломаченко және атақты Мэнни Пакьяоның промоутері.
Әрі The Ring нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздік менеджері атанған болатын.