Еркебұлан Сейдахмет Әзірбайжанмен кездесуге қатыспайды

Еркебұлан Сейдахмет Әзірбайжанмен кездесуге қатыспайды

Бүгін «Астана Арена» стадионында Қазақстан ұлттық құрамасы Әзірбайжан футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді, деп жазады prosports.kz сайты.

Түс ауа футбол федерациясының ресми сайтында бүгінгі ойынға қатысатын Қазақстан құрамасының негізгі құрамы жарияланған болатын. 

Бұл тізімге ресейлік <span>«Уфа» командасында доп тебетін жас шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет енбей қалды. Тіпті, қосалқы құрамда да Еркоштың есімі жоқ. Демек, ол Әзірбайжанмен өтетін ойынға қатыса алмайды.</span>

<span>Бұған жас футболшының жарақатының әлі толық жазылмауы себеп болса керек. Өйткені, ол биылғы маусымның соңына қарай жарақат алып қалып, Ресей Премьер лигасының соңғы ойындарына қатыса алмаған болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или