Яя Туре: Гвардиола - нәсілшіл!

Яя Туре: Гвардиола - нәсілшіл!

«Манчестер Ситидің» бұрынғы жартылай қорғаушысы France Football порталына сұқбат берді, деп хабарлайды sports.ru. Сұқбат барысында футболшы Гвардиоланың африкалықтарды кемсітетіні туралы айтты.

<span>- Пеп басымдықты ұнатады. Маған мұндай қарым-қатынас ұнамады, жаттықтырушымды құрметтеймін, бірақ мен оның мүлкі емеспін. Маған бәрінен ауыр тигені - Гвардиоланың команда мүшелері алдында «клубта қалғың келсе, иелерімен сөйлес» дегені. Ол менің командадан кетуіме барын салып бақты, - дейді Туре.</span>

<span>«Гвардиола нәсілшіл деп ойлаймын. Және басқалары да солай ойлайды. Өйткені, ол жұмыс істеген барлық клубтарда ол үнемі африкалықтармен қақтығысып қалып жүрді. Бірақ, Пеп қара нәсілділерді бөлектейтінін мойындағысы келмейді. Егер, ол негізгі құрамға бес африкалықты алса, мен оған торт жіберуге уәде беремін» - деді «Манчестер Ситидің» бұрынғы жартылай қорғаушысы.</span>

Жақында 35 жасқа толатын футболшы өз мансабын аяқтағысы келмейді. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, оған «Марсель» және «Вест Хэм» клубтарынан қызығушылықтар болды. Туре <span>«Барселонаға »</span>оралғысы келетінін айтқан болатын.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или