Гэри О’Салливан өзін Головкинмен кездесуге лайықты санайды
Ирландиялық боксшы Гэри О’Салливан қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге лайық екенін мәлімдеді.
Твиттерде жанкүйерлердің бірі О’Салливанның Головкинмен жұдырықтасуға лайықты емес екенін жазған.
«Бокста жүргеніме 29 жыл болды. Талмай жаттығу жасап, 11 жыл бойы кәсіпқой бокстамын және барлық жетекші ұйымдардың рейтингілеріне енемін», - деп жауап берді О’Салливан.
Ирландиялық боксшы бұған дейін Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін бірнеше рет айтқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или