Алматыда БАҚ өкілдері арасында KIFS турнирі өтті

Алматыда БАҚ өкілдері арасында KIFS турнирі өтті

Алматы қаласында БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан KIFS-тің ұйымдастыруымен жарыс өтті.

Турнирде 8 ұжым бақ сынады. Арасында 365info, Журналистер құрамасы және НҰР.КЗ сияқты азулы командалар болды. Екі топқа бөлінген ұжымдар өзара мықтыны анықтап, жартылай финалдың жолдамасына таласты. 1/2 финалдың алғашқы жұбында Журналистер құрамасы қарсыластары НҰР.КЗ командасынан басым түсіп, финалға жолдама алды. Ал екінші ойында Prosports.kz ұжымы нәзікжандылардан құралған KIFS командасымен ойнады. Қыздар командасы Prosports.kz сайтының жігіттеріне қарымды қарсылық көрсетіп, екі доп айырмасымен ғана жеңіліс тапты. Финалдағы ойынның негізгі уақытында есеп ашылмай, жеңімпаз команда пенальтиден анықталды. 11 метрлікте Prosports.kz командасы дәлірек болып, Кубок иегері болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или