Бокс

GGG мен Сондерс Англиядағы футбол стадионында кездесуі мүмкін

GGG мен Сондерс Англиядағы футбол стадионында кездесуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Геннадий Головкин Лондонда британиялық Билли Джо Сондерспен жұдырықтасуы ықтимал. Бұл туралы Daily Mail жазды.

«Егер Сондерс Головкинмен жекпе-жек өткізуге келіссе, кездесу Англиядағы футбол стадиондарының бірінде өтуі мүмкін. Бұл жекпе-жекті Лондондағы Олимпиадалық стадион қабылдауы ықтимал», - деп жазды басылым.

Daily Mail ақпаратына сүйенсек, Сондерс Головкинмен емес, 15 қыркүйекте Сауль Альвареспен кездесуі де әбден мүмкін.

Olympic Stadium-да англиялық «Вест Хэм» футбол клубы ойнайды. Футбол матчында стадионға 60 010 жанкүйер сыяды.

Естеріңізге салсақ, Головкин - орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO белбеулерінің иегері. Ал Сондерске WBO титулы тиесілі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер