ҚПЛ-дың үздік сұрмергені «Қайратқа» ауысуы мүмкін

ҚПЛ-дың үздік сұрмергені «Қайратқа» ауысуы мүмкін

Prosports.kz-ке белгілі болғандай, «Ақжайық» сапында жалда ойнаған шабуылшы Адеринсола Хабиб Эсеола жақын арада алматылық «Қайратпен» келісімшартқа отыруы мүмкін.

Ойыншы қазіргі уақытта «Қайратпен» келіссөз жүргізіп жатыр. Эсеоланың өзі ҚПЛ-ға бейімделген және чемпионаттан кеткісі келмейді. Оның үстіне, оған қаржылық тұрғыда да Қазақстан чемпионаты жақсырақ болып тұр.

Естеріңізге салсақ, Эсеола биылғы маусымды «Ақжайық» сапында бастап, жалға берілген уақыты аяқталған соң украиналық «Звездаға» оралды.

Айта кетейік, Эсеола 8 голмен сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или