Ресейдің әлем чемпионатына қатысатын құрамы
Ресей құрамасының бапкерлік штабы 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысатын команда құрамын жариялады.
Құрамға 23 футболшы енген. Кеңейтілген құрамда болған бес футболшы тізімнен шығып қалды.
Әлем чемпионатына қатысатын Ресей құрамасы:
Қақпашылар: Игорь Акинфеев (ЦСКА), Владимир Габулов («Брюгге»), Андрей Лунев («Зенит»).
Қорғаушылар: Владимир Гранат («Рубин»), Сергей Игнашевич (ЦСКА), Федор Кудряшов («Рубин»), Илья Кутепов («Спартак»), Андрей Семенов («Ахмат»), Игорь Смольников («Зенит»), Марио Фернандес (ЦСКА).
Жартылай қорғаушылар: Юрий Газинский («Краснодар»), Александр Головин (ЦСКА), Алан Дзагоев (ЦСКА), Александр Ерохин («Зенит»), Юрий Жирков («Зенит»), Роман Зобнин («Спартак»), Далер Кузяев («Зенит»), Антон Миранчук («Локомотив»), Александр Самедов («Спартак»), Денис Черышев («Вильярреал»).
Шабуылшылар: Артем Дзюба («Арсенал», Тула), Алексей Миранчук («Локомотив»), Федор Смолов («Краснодар»).
Ресей құрамасы 14 маусымда әлем чемпионатының ашылу матчында Сауд Арабиясымен кездеседі.