Ұрылар нигериялық бұрынғы футболшыдан ірі көлемді қаржыны қолды қылған
Миландық «Интер» мен лондондық «Арсеналдың» және Нигерия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Нванкво Кануды Калининградқа бара жатқан жолда ұрылар тонап кеткен.
Лондоннан Мәскеуге ұшып бара жатқан сәтте Нигериялықтан ұрылар 10 мың еуро ұрлап кеткен. Бірақ ұрлық нақты қай қалада, Лондонда не Мәскеуде болғаны белгісіз. Бұрынғы футболшы Калининград қаласына бет алған. 16 маусымда осы қалада Нигерия құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Хорватиямен кездеседі.
Айта кетейік, Ресейдегі әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде арасында 11 қаланың 12 стадионында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или