«Ордабасының» өзбекстандық шабуылшысы «Ақтөбеге» қарсы матчқа қатыса алмайды
Шымкенттік «Ордабасы» командасының шабуылшысы Иван Нагаев Премьер лиганың 14-ші туры аясында өтетін «Ақтөбеге» қарсы матчқа қатыса алмайды, деп хабарлайды prosports.kz.
Бұған себеп, футболшы өткен турда «Атырауға» (0:2) қарсы ойында сары қағаз алғаны болып отыр. Бұл оның осы маусымда төртінші мәрте сары қағазбен жазалануы болатын.
28 жастағы ойыншы қазақ жанкүйерлерін өзінің керемет өнерімен қуанта алмауда. Өзбекстандық шабуылшы 13 турдан кейін еншісіне бар болғаны 2 гол ғана жаза алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или