Астанада бокстан ҚР Президентінің кубогы турнирінде 16 елдің өкілдері бақ сынайды

Астанада бокстан ҚР Президентінің кубогы турнирінде 16 елдің өкілдері бақ сынайды

5 маусым күні Астанада бокстан ҚР Президентінің кубогі халықаралық дәстүрлі турнирі басталады. Аталмыш додада 16 елдің өкілдері бақ сынайды.

Атап айтар болсақ, Беларусь, Үндістан, Жапония, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Филиппин, Ресей, Швеция, Тәжікстан, Таиланд, Түркменстан, АҚШ, Өзбекстан және Қазақстан боксшылары бас жүлде үшін таласпақшы.

Көптеген құрама шаршы алаң иелерінің оқу-жаттығу жиынына қатысып, шеберлік арттыруды ұйғарған. Бұл тәжірибе бокс тарихында бұрыннан бар, бірақ тоғыз елдің боксшылары алғаш рет оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

«Үш рет біріккен жаттығу өткізу жоспарда бар. Боксшыларды жекпе-жекке шығарып, техникалық және тактикалық шеберлікті арттырамыз», - дейді бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или