Еркебұлан Сейдахмет бүлдіршіннің тұсауын кесті
Қазақстан мен Әзірбайжан ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық матч қарсаңында жанкүйерлерге арналған кезекті промоакция өтті.
Бүгін елордадағы «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығында Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншылары Еркебұлан Сейдахмет пен Бактиер Зайнутдинов жанкүйерлермен кездесті.
Мерекелік шоуда жиналған жұрттың назарына фристайл шеберлерінің өнері ұсынылды. Сонымен қатар, әртүрлі сайыстар ұйымдастырылды. Жанкүйерлер футбол тақырыбында викториналық сұрақтарға жауап беріп, жүлделі сыйлықтарға ие болды.
Шараның ең негізі бөлігінде танымал футболшы Еркебұлан Сейдахмет бір жасқа толған Ибраһим есімді бүлдіршіннің тұсауын кесті.
Ұлттық құрамалардың жанкүйерлеріне арналған кезекті акция ертең, 3 маусым күні «Еуразия» (11:00) және «Keruen City» сауда орталықтарында өтеді.