Аргентина құрамасы Барселонада жаттығу жасап жатыр

Аргентина құрамасы Барселонада жаттығу жасап жатыр

Аргентина құрамасы кеше Барселонаға келіп тоқтады. 

<span>Лионель Месси бастаған латынамерикалықтар Каталонияда 8 маусымға дейін болады. Ресейге аттанар алдында Хорхе Сампаоли шәкірттері Иерусалим қаласында Израильмен жолдастық кездесу өткізеді. Аргентина футболшыларының көңіл-күйі жақсы. Ең бастысы, команданың басты жұлдызы Месси бабында екенін байқатты. Сейсенбінің кешінде «Барселона» ойыншысы Гаитимен болған жолдастық матчта үш гол соғып, жанкүйерлерді бір желпінтіп тастады.</span>

<span>Айта кетейік, Аргентина әлем чемпионатының топтық кезеңінде Исландия, Хорватия және Нигериямен кездеседі.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или